Сауд Арабиясындағы мектепке миналанған дрон құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясы Асир провинциясындағы мектепке жарылғыш заттар толтырылған ұшатын аппарат құлады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Азаматтық қорғаныс органдарына снарядты «Аңсар Алла» (хуситтер) қозғалысынан йемендік көтерілісшілер ұшырғаны хабарланды. 

Асир ауданындағы Азаматтық қорғаныс басқармасының баспасөз хатшысы капитан Абдуләзиз Әл Гилбанның айтуынша, оқиға орнына құзырлы органдар жеткенде, мектепке құлаған нәрсе миналанған дрон екені белгілі болды. Ешкім зардап шеккен жоқ. 

Ол қазіргі уақытта осындай жағдайларда қажет барлық жедел іс-шаралар жүріп жатқанын айтты.

Йеменде 2014 жылдың тамызынан бастап үкімет пен хуситтер арасында қақтығыс жүріп жатыр. 2015 жылдан бастап Сауд Арабиясы араб және ислам елдерінің әскери альянсын басқарады. Олар Йеменнің қазіргі билігін қолдайды. Хуситтер Йемен мен патшалықтың ішіндегі сауд және йемен күштеріне үнемі ұшқышсыз ұшу аппараттарын, баллистикалық зымырандар мен тұзақ қайықтарын қолдана отырып шабуыл жасап отырады.

Алты жылдан аса уақытқа созылған қақтығыс әлемдегі ең үлкен гуманитарлық дағдарысқа әкелді. БҰҰ мәліметтері бойынша, 2021 жылы Йеменде 2,3 миллион бала аш болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы