Сауд Арабиясында теміржол станциясындағы жарылыстан 5 адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауд Арабиясының Джидда қаласындағы теміржол станциясында жарылыс болды, деп хабарлады 24.kz.
Салдарынан бес адам зардап шекті. Өрт ғимараттың шатырынан шыққан. Қазір теміржол байланысы уақытша тоқтатылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Айта кетейік, Эль-Харамейн вокзалы – Мекке мен Мадинаны Джидда портымен байланыстырып тұратын теміржол. Ұзындығы 450 шақырымды құрайды. Бұл жолды салу үшін жеті миллиард доллардан астам қаражат жұмсалған. Жалпы теміржол станциясы өткен жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілген.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елімізде 100-ден астам әскери қызметші парашютпен секірді
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы