Кеше 2026, 22:26 Фото: Reuters

Сауд Арабиясында снаряд түсуі салдарынан екі адам қаза тапты

Қаза тапқандар – Үндістан және Бангладеш азаматтары.

Сауд Арабиясының Эр-Рияд провинциясында тұрғын ауданға снаряд түсуі салдарынан екі адам қаза тауып, тағы 12 адам жарақат алды. Бұл туралы Сауд Арабиясының Азаматтық қорғаныс қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.

Ведомство өкілінің айтуынша, қаза тапқандар – Үндістан және Бангладеш азаматтары. Олар техникалық қызмет көрсету және тазалық жұмыстарымен айналысатын компанияның аумағында болған.

Оқиғаға қатысты қосымша мәліметтер нақтыланып жатыр.