28 Маусым 2026, 18:49
Фото: istockphoto.com
Сауд Арабиясында мұнай компаниясының тікұшағы апатқа ұшырады
Апат салдарынан тікұшақтағы барлық адам қаза тапты. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
Сауд Арабиясының Энергетика министрлігі Saudi Aramco компаниясына тиесілі тікұшақтың Рас-Таннура ауданында апатқа ұшырағанын хабарлады. Әуе апаты 28 маусым күні таңертең болған.
Sabq.org порталының мәліметінше, апат салдарынан тікұшақ бортындағы 14 адам қаза тапқан. Қаза болғандардың барлығы Сауд Арабиясының азаматтары болған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ел билігі тергеу жұмыстарын бастады. Апаттың себептерін анықтауға тиісті мемлекеттік органдар жұмылдырылған.
Сондай-ақ Сауд Арабиясының Энергетика министрлігі қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
- 29 перзентханада санитарлық режим бұзылған – Денсаулық сақтау министрлігі 09.09.2026
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 09.09.2026
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 09.09.2026
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 09.09.2026
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 09.09.2026
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 09.09.2026
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 09.09.2026