Сауд Арабиясы кәмелеттік жасқа толмағандарды өлім жазасына кеспейтін болды

Алматы, BAQ.KZ. Сауд Арабиясы кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлер үшін өлім жазасын алып тастады.

Корол Сальман бен Әбдель Азиз әль Сауданың бұйрығына сай 18 жасқа толмаған қылмыскерлер үшін тағайындалатын жаза енді 10 жыл бас бостандығынан айырудан ары аспайды. 

"Известия" баслымының жазуынша, бұл барлық қылмыстық іске қатысты, оның ішінде терроризм жөніндегі іс те бар.

Бұрын өлім жазасына кесіліп келген жас қылмыскерлер енді түрмеге қамалады.

Бұған дейін Reprieve халықаралық құқық қорғау ұйымы соңғы бес жылда Сауд Арабиясында 800 адам өлім жазасына кесілгенін хабарлады. Аталған ұйымның мәліметінше, елдегі түрмеде өлім жазасын күтіп отырған 13 жасөспірім бар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы