Сауд Арабиясы қажылыққа келушілерге тыйым салды

Алматы, BAQ.KZ. Сауд Арабиясының билігі коронавирус індетінің алдын алу үшін Мекке мен Мәдина қаласына қажылыққа келушілерге уақытша тосқауыл қойды. Бұл туралы корольдіктің СІМ-і Твиттерде жазды.

Корольдікке қажылықпен келіп, Мәдинадағы әл-Масджид ән-Набави мешітіне барғысы келетіндер үшін елге кіру уақытша тоқтатылды, - делінген жазбада.

Оның үстіне коронавирус тарап жатқан елдерден Сауд Арабиясына туристерді кіргізуге де тосқауыл қойылған. Мұның барлығы елдегі қауіпсіздік шаралары үшін қолға алынған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы