27 Ақпан 2020 2020, 15:15
Сауд Арабиясы қажылыққа келушілерге тыйым салды
Алматы, BAQ.KZ. Сауд Арабиясының билігі коронавирус індетінің алдын алу үшін Мекке мен Мәдина қаласына қажылыққа келушілерге уақытша тосқауыл қойды.
Алматы, BAQ.KZ. Сауд Арабиясының билігі коронавирус індетінің алдын алу үшін Мекке мен Мәдина қаласына қажылыққа келушілерге уақытша тосқауыл қойды. Бұл туралы корольдіктің СІМ-і Твиттерде жазды.
Корольдікке қажылықпен келіп, Мәдинадағы әл-Масджид ән-Набави мешітіне барғысы келетіндер үшін елге кіру уақытша тоқтатылды, - делінген жазбада.
Оның үстіне коронавирус тарап жатқан елдерден Сауд Арабиясына туристерді кіргізуге де тосқауыл қойылған. Мұның барлығы елдегі қауіпсіздік шаралары үшін қолға алынған.