"Сауатты" ұры: бөтен адамның BMW-сын эвакуатормен ұрлап кетті
Астанада 35 жастағы ер адам көшеде иесіз тұрған BMW көлігін көріп, ерекше әдіспен ұрлап кетті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Эвакуатормен алдырған
Полиция мәліметінше, күдікті біраз уақыт бойы BMW-325 көлігін бақылап, оның иесіз екеніне сенімді болған. Жұрт назарын аудартпас үшін эвакуатор шақырып, жүргізушіге нақты ниетін айтпастан, көлікті өз үйіне жіберткен.
Қылмыс ашылды, көлік иесіне қайтарылды
Алайда айласы жүзеге аспай қалды. Сарыарқа ауданының полицейлері көліктің «жаңа иесін» тез анықтап, қолға түсірді. Ер адам бөлімшеде өз кінәсін мойындаған. Ұрланған көлік заңды иесіне қайтарылды.
Қылмыстық іс қозғалды
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті заң алдында жауап береді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Президент: Сырттан келетін өнімге тым тәуелдіміз
Өзгелердің жаңалығы