Сатып алу құқығынсыз жалға берілген тұрғын үйлер жекешелендіріле ме?

Азаматтар апатты үйлердің орнына берілген тұрғын үйлерді жекешелендіруге мүмкіндік алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттар түзетулер енгізді, соның арқасында бірқатар қазақстандық өздері тұрып жатқан баспанаға меншік құқығын ала алады. 

Оларға берілген тұрғын үйді жекешелендіру құқығы жалғыз баспанасы қауіпті деп танылған азаматтарға беріледі. 

Бүгінде республика бойынша 1641 тұрғын үй берілген. Сондай-ақ парламенттік түзету аясында азаматтарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру құқығын беру ұсынылып отыр. 

2017 жылдан бері қайтарымсыз негізде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 418 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, өңірлерде 51 мың пәтер салынып, берілген («Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында). Жаңа норма халықтың әлеуметтік осал топтарына жалдамалы баспананы жеке меншік ретінде алуға мүмкіндік береді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы