"Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй": Нәтижелері жарияланды

 Астанада бағдарламаның нәтижелері жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Порталда zhilfond.kz елордалық Тұрғын үй инспекциясы басқармасының сайтында "Көпбалалы отбасылар", "Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар" және "Халықтың әлеуметтік осал топтары" санаттары үшін "Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасының нәтижелері жарияланды.

Үш санаттың әрқайсысындағы тізімдер екіге бөлінеді: өткен және өтпеген.

Толық тізімді көрі үшін сілтеме арқылы өту керек. 

Халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттары үшін қалған 76 бір бөлмелі пәтер бойынша іріктеу жалғасып жатыр.

Бағдарлама бойынша өткен азаматтармен тұрғын үй орталығының қызметкерлері хабарласып, одан әрі іс-қимылдар туралы хабарлайды.

Алаяқтық жағдайларының көбеюіне байланысты тұрғындардан өте қырағы болуды сұрайды. Тұрғын үй орталығының қызметкерлері телефон қоңырауларын шала отырып, ешқашан кредиттерді, қарыздарды өтеуді, тұрғын үй беру үшін қамауға алуды алып тастауды сұрамайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы