Сатыбалдыдан мемлекетке қайтарылып алынған зәулім сарай кімге берілгені белгілі болды
Нысан Астананың орталығында орналасқан деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Елорданың Шұбар шағын ауданында қоныс тепкен нысан Қайрат Сатыбалдының меншігінде екені оған қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында анықталыпты.
1 гектар аумақта орналасқан жеке үй бірнеше ғимараттан тұрады.
Ауласында спорт алаңшасы, алма бағы, үлкен хауызы мен моншасы бар. Зәулім үй 3-4 жылдан бері бос тұрған екен.
Күні кеше Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 50 миллиард теңгеден астам активті қайтарған болатын. Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыұлының мемлекетке қайтарған активтері туралы мына сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар.
Сондай-ақ, бүгін Қайрат Сатыбалды халық пен президенттен кешірім сұрап, кінәсін мойындаған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы