Саты ауылының тұрғындары 3 балдық жер сілкінісін сезінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 17 қыркүйек күні 04:07-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 133 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан. Магнитудасы: 3,9. Тереңдігі: 15 км. Жер сілкінісінің 2-3 балдық дүмпуі Алматы облысы Саты ауылында сезілген, – делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы