Сатвалдиев фермерлер үшін субсидиялау ережелерін қайта қарау керектігін айтты
Сенатор Алишер Сатвалдиев өзінің депутаттық сауалында сүтті мал өсірумен айналысатын фермерлерді мемлекеттік қолдауды мәселелері туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ауыл шаруашылығы жерінің болуын талап ететін субсидиялаудың жаңа ережелері Шымкентте орналасқан 30-дан астам фермерлік шаруашылықтарға, сондай-ақ ондаған сүт өңдеу кәсіпорындарына қиындық туғызады. Олардың барлығы енді субсидия алуға өтініш бере алмай отыр.
Өтінім берген сәтте тауар өндірушіде «ауыл шаруашылығы мақсатындағы» жері болуы талап етілген. Шымкент қаласындағы жерлерге «елді мекен жерлері немесе ауыл шаруашылығы пайдаланылымдағы жерлер» санаты берілген. Дара «ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер» санатының болмауы себепті шаруалар Plem.kz ақпараттық-сараптамалық жүйесінде субсидия алуға өтініш бере алмай отыр, - деді ол.
Ол Шымкентке келген Ауыл шаруашылығы министрлігіне жасаған өтінімдеріне орай қалаға келген министрлік өкілдері жерлердің тиісті санатқа жатпайтынын, малға қажетті қорек базасы мен жайылымның жоқтығын, ветеринарлық талаптардың сақталмайтынын алға тарта келе шаруашылықтарды субсидиялауды орынсыз деп тапқанын атап өтті. Шымкент шаруалары Түркістан облысынан мал азығын әкеліп, көрші ауылдардан жерді жалға алып, мал азығы проблемасын шешті.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұл ұстанымы нәтижесінде бірқатар инвестициялық жобаның тоқтауына да себеп боларын атап өткіміз келеді. Шымкент қаласындағы сүт бағытындағы асыл тұқымды мал өсіретін шаруалардың мемлекеттік қолдаудан таса қалмауы үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің субсидиялау қағидаларына өзгеріс енгізген жөн деп санаймыз, - деді Алишер Сатвалдиев.