Ақтөбе облысында сатушыны өлтіріп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 14 тамызда Ақтөбе облысы Бадамша ауылында орналасқан дүкенде сатушының денесі табылды. Бұл туралы Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
"14 тамызда Қарғалы ауданы Бадамша ауылындағы азық-түлік дүкенінде сатушының денесі табылды. Тексеру барысында әйелдің денесіне бірнеше жерден пышақ жарақаты салынғаны анықталды. Аталған дерек бойынша, оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді. 3 сағаттың ішінде қылмыс жасады деген күдікпен 2 адам ұсталды", - делінген хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілердің біреуі Хромтау қаласынан болса, екіншісі Бадамша ауылының тұрғыны.
ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы