"Сәтпаевтың 125 жылдығы". Абай тарихшылары Семейдегі семинарда бас қосты

"Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы" КММ-нің ұйымдастырылуымен "Қаныш Сәтпаев атындағы" №2 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-де Академик Қаныш Сәтпаевтың 125 жылдығы аясында тарих және құқық пәні мұғалімдеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аягөз аудандық білім бөлімінің мәліметінше, семинар-практикум бағдарламасы: пленарлық жиналыс, шеберлік сыныптар, қорытынды бөлімдерінен тұрды.

2024жылдың 25 сәуір күні өткен семинарға Аягөз аудандық білім бөлімінің әдіскері М.Т.Көккөзова және аудан мектептерінің тарих, құқық пәні мұғалімдері қатысты. 

"Сары-Арқа жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің тарих пәні мұғалімі, магистр Дана Тұмақбаева "Зерттеу жұмыстарын жүргізуде өлкетану бағытының маңызы" тақырыбында шеберлік сынып өткізді. 

Оның мақсаты - мұғалімдер арасында Өлкетану бағытында зерттеушілік орта қалыптастыру. 

Мұғалімдер арасында жағымды ахуал орнатып, Өлкетану бағытында шағын зерттеу тобымен жұмыс жасады. Сергіту сәтінің өзі ерекше патриоттық әндер орындаумен ұлттық рухты жігерлендіре түсті. Сонымен қатар "Ұшқыр ой алаңы" Ситуациялық сұрақтар беру арқылы, мұғалімдер өз ой пікірлерін ортаға салды.

 Шеберлік сыныптың соңында кәдесый таратылып, ұстаздар өз ізгі тілек пікірлерін білдірді.

Қорытынды пленарлық бөлімінде шеберлік-сынып өткізген әріптестер іс-тәжірибесімен бөлісіп, сертификат табысталды. 

Бүгінгі өткізіліп отырған семинар-практикум жоғары дәрежеде өткізілді. Мұғалімдер өз практикасына түрлі тәжірибе жинақтады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Аягөз аудандық білім бөлімі
Өзгелердің жаңалығы