Сәтбаевта 41 жастағы ер адамды өлтіріп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтбаев қаласында түнде ер адамды өлтіріп кетті.

Бұл туралы Қарағанды облыстық ПД баспасөз қызметі хабарлады.

20 тамыз сағат 01.00 шамасында белгісіз адам 41 жастағы Сәтбаев тұрғынын атып кеткен, - делінген хабарламада.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Оқиға орнында Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Қылмыстың түрлі нұсқалары қарастырылуда.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы