Satbayev University қызметкерлерінің 65%-дан астамы КВИ-ге қарсы вакцина алды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Университет соңғы екі ай ішінде қызметкерлер мен студенттерді вакциналау бойынша белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Сәтбаев университетінің медициналық орталығында №4 және 12 емханалардың дәрігерлері шақырылып, вакцина пункті ұйымдастырылды.

Мұнда коронавирус инфекциясына қарсы QAZVAC, CoronaVac, Hayat-Vax пен Спутник V вакциналары бар. Бүгінде университет қызметкерлерінің 65%-дан астамы және студенттердің 20%-ы коронавирусқа қарсы екпе алды. 

Бас санитарлық дәрігерінің еңбек ұжымдарының Сovid-19-ға қарсы міндетті вакцинасы туралы қаулысы шыққаннан кейін университет вакцина алған студенттер мен қызметкерлердің санын арттыру бойынша жұмысты күшейтті. 1 тамызға дейін қызметкерлердің 100% вакцина алуы жоспарлануда. 

1 тамыздан бастап университет аумағына кіру медициналық қарсы көрсетілімдері бар вакцинадан өткен қызметкерлер мен білім алушыларға рұқсат етіледі. Сондай-ақ бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 10 маусымынан бастап Сәтбаев университетінің аумағына Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады. Вакцина алғандар үшін қосымша ынталандыру ретінде ЖОО-да бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар қарастырылған. 

2021 жылдың 1 мен 31 шілде аралығында  Satbayev University-нің  вакцина алған студенттері арасында мынандай жүлделер беріледі: - жеке стартап ашуға 5 млн тг грант; - ЖОО жатақханаларында тұру үшін 20 орын; - елдегі немесе шетелдегі жетекші компанияларда өндірістік практикадан өтуге жұмсалған шығысты толық өтеу құқығы; - Qoldau бизнеске арналған цифрлық платформамен бірлесіп, кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша 100 курс.

2021-2022 жылдары вакцина алған студенттер: - қайта курстардан тегін өту және 3 кредитті қайта тапсыру; - шығармашылық, ғылыми, спорттық іс-шараларға (мейкатондар, хакатондар, турнирлер, концерттер және т. б.) қатысуға мүмкіндік алу; - академиялық ұтқырлық шеңберінде қосымша білім алу үшін шет елдерге және еліміздің басқа да жоғары оқу орындарына баруға. 

Вакцинаға қатысқан қызметкерлер мен ПОҚ үшін 2021 жылғы 1 шілдеден 31 шілдеге дейін мынадай жеңілдіктер беріледі: - ПОҚ мен қызметкерлер орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыстан босатудың 2 күніне құқық алады; - 10 қызметкер 2021 жылдың соңына дейін ЖОО жатақханаларында тұруға 50% жеңілдік алады; - 100 қызметкер 5000 теңге көлемінде сыйақы алады. 

Еске салсақ, 2021 жылғы 3 шілдедегі жағдай бойынша Алматыда 480 мыңнан астам адам вакцина алды. Қалада медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт нысандарында, базар мен қаланың СОСО-да 211 вакцина пункті жұмыс істейді. 300-ден астам екпе бригадасы қызмет атқарады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы