29 Қазан 2026, 07:49
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Сәтбаевта тұрғын үйден өрт шығып, 17 адам эвакуацияланды
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласында төрт қабатты тұрғын үйден өрт шығып, құтқарушылар 17 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.
Төтенше жағдай туралы хабарлама 112 пультіне Ұлытау көшесінде орналасқан тұрғын үйден түскен. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері екінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жиһаз бен үй заттары жанып жатқанын анықтады.
Құтқарушылар баспалдақ арқылы 17 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Өрт 10 шаршы метр аумақта сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ТЖМ өрт немесе жану белгілері байқалған жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.