18 Қазан 2026, 23:55
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
Сәтбаевта тұрғын үйден өрт шығып, 14 адам эвакуацияланды
Сонымен қатар құтқарушылар түтінге тұншыққан мысықты жанып жатқан пәтерден алып шықты.
Сәтбаев қаласындағы Ұлытау көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерден өрт шықты.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері жедел жетіп, тұрғындарды эвакуациялады. Өрт сөндіру кезінде көршілес пәтерлерден 14 адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
Сонымен қатар құтқарушылар түтінге тұншыққан мысықты жанып жатқан пәтерден алып шықты. Жануардың тыныс алуы қиындағандықтан, оған құтқарушының тыныс алу аппараты арқылы алғашқы көмек көрсетілді.
Жедел әрекеттің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Оны сөндіруге «Серіктес» ЖШС қызметкерлері де қатысты.