Бүгiн 2026, 13:56 Фото: ҚР ТЖМ

Сәтбаевта тұрғын үй шатырындағы қауіпті конструкция жойылды

ТЖМ құтқарушылары қауіпті плитаны алып, ықтимал төтенше жағдайдың алдын алды.

Сәтбаев қаласында Тәуелсіздік көшесінде тұрғындар бес қабатты үйдің шатырынан бетон плитаның құлап кету қаупі бар екенін хабарлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері жаяу жүргіншілер мен тұрғындар үшін қауіп бар екенін растады.

Жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, мамандар шұғыл жұмыстар ұйымдастырды. Нәтижесінде апатты жағдайдағы элемент алынып, ықтимал салдардың алдын алынды.