Сәтбаевта республикалық индустриялы аймақ құрылды

Сәтбаев қаласында республикалық маңызы бар индустриялы аймақ құрылды. Жоба Саран қаласының үлгісімен жүзеге асырылады және моноқаланың экономикасын әртараптандыруға бағытталған, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қала маңынан 12 гектар жер телімі бөлінді. Болашақта сұранысқа қарай аумақ 40 гектарға дейін кеңейтілуі мүмкін. Қазір инженерлік инфрақұрылым тарту үшін құжаттар әзірленіп жатыр. Атап айтқанда, электр, жылу, су, кәріз желілері мен 1,7 шақырымдық теміржол құрылысы жоспарланған.

Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, инженерлік жұмыстар жедел қолға алынбақ. Сонымен қатар, аймаққа инвестиция тарту үшін отандық және шетелдік компаниялармен келіссөздер басталды. Кәсіпкерлерге жер телімдері аукционсыз беріледі.

Мамандар индустриялық аймақ іске қосылған алғашқы жылы 5 млрд теңге инвестиция тартылып, жыл сайын 1 млрд теңгеден астам салық түсетінін болжауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы