Сәтбаевта музыкалық аспаптар жасау цехы жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтбаев қаласының тұрғыны Әбілқасым Байбұланов өзінің хоббиін табыс көзіне айналдырған. Ол «Бизнестің жол картасы-2020» бойынша грант алып, Сәтбаевта ұлттық музыкалық аспаптар дайындау цехын ашты. Бұл туралы облыс әкімдігінң ресми сайты жазды.
Әбілқасым студенттік жылдардан бері музыкалық аспаптар жасауға қызығушылық танытып келеді.
Алғашқы клиенттер менің балаларым мен туыстарым болды. Мен қызыма арналған алғашқы домбырамды ағаштан жасап, содан кейін кәдесыйлар, ұлттық нақыштағы ыдыс-аяқ жасап, өз туыстарыма сыйға тарттым, - деп еске алады шебер.
Институтты бітірген соң Әбілқасым жұбайымен бірге бөлу бойынша Сәтбаевқа жіберіліп, ол жерде 20 жылдан астам шахтада геолог болып жұмыс істеді.
Осы жылдар ішінде мен өзімнің хоббиім туралы ұмытқан жоқпын, өзіме, туыстарыма және тапсырыс бойынша құралдар жасадым. Осы жылдар ішінде шахтерлік еңбек менің денсаулығыма әсер етті, сондықтан жұбайыммен ақылдаса отырып, ұлттық нақыштағы домбыра, қобыз, кәдесыйлар және ағаш ыдыстарды жасау цехын ашуды ұйғардым, - дейді шебер.
2018 жылы «Атамұра» ЖК тіркеліп, «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант алу конкурсына қатысқан. Алынған қаражатқа ағаш өңдеу және тегістеу машинасын, жұмыс құралдары мен керек-жарақтарды сатып алған.
Қобыз үшін мен әдетте арша, үйеңкі, қарағай немесе қайыңның діңін қолданамын. Домбыра үшін қатты ағаштар: Африка елдерінде өсетін үйеңкі, қарағай немесе қара ағаш. Әр домбыраны мақсатына (ән немесе күй үшін), кәсіби немесе әуесқойлық бағытына қарай әр түрлі етіп жасаймын: егер үйеңкі айқынырақ болса, қайың немесе балқарағай жылылық береді. Мен ағашты таңдауға мұқият қараймын, себебі дыбыстың тазалығы соған байланысты болады, - деп түсіндіреді Әбілқасым.
Бүгінгі таңда шеберханада екі адам жұмыс істейді және ай сайын төрт домбыра мен бір қобыз қолмен жасалады.
Біз цехымызды кеңейтіп, Қарағанды облысының музыкалық мектептерін өз аспаптарымызбен қамтамасыз еткіміз келеді, - деді кәсіпкердің жұбайы Назым Байбұланова.
Айта кету керек, «Атамұра» ЖК жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласында өтетін отандық тауар өндірушілердің ULTTYQ ÓNIM көрмесінің қатысушысы болып табылады.