Сәтбаевта құрылысы ұзаққа созылған тағы бір нысан іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Сәтбаев қаласында ұзаққа созылған Есқұла су қабылдағышының құрылысы аяқталғанын айтты.
2020 жылы Экология министрлігі мен Қарағанды облысы әкімдігінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде құрылыс қайта жанданды. Есқұла су көзінен 63 км желі тартылды. Су құбыры заманауи технологиялар бойынша төселіп, су жинау нысанында қосымша ұңғымалар жасалды. Жерасты көздерінен алынған су барлық санитарлық нормаларға сәйкес келеді және химиялық тазартуды қажет етпейді - деп жазды әкім өз парақшасында.
Сондай-ақ, Сәтбаев қаласында сорғы, хлоратор станциялары мен резервуарларды қайта құру жұмыстары жүргізілген.
Қазір жоба аяқталу сатысында, кестеден артта қалушылықтар жоқ. Есқұла су қабылдағышының іске қосылуы Жезқазғанда да су мәселесін ішінара шешеді. Қалаға жыл сайын 9 млн текше метр су жіберіледі. Жезқазғандағы сумен жабдықтау мәселесін толығымен шешу үшін «Үйтас-Айдос» су желісіне күрделі жөндеу жүргізу қажет. Бұл жоба 2022 жылы басталып, 2024 жылы аяқталады деп жоспарлануда - деді Жеңіс Қасымбек.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы