Сәтбаевта күрделі жөндеуден өткен балабақша ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтбаевта Тәуелсіздік күні қарсаңында жаңартылған «Балапан» бөбекжайы ашылды. Бұл туралы Сәтбаев әкімдігі баспасөз қызметінен хабарлады.
Ғимарат «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеуден өтті.
Мектепке дейінгі мекеме 1973 жылдан бастап жұмыс істейді. Көптеген жылдар бойы ғимарат жөнделмеген. Қазір ол ішкі және сыртқы жағынан өзгерді. Құрылысшылар шатырды, терезелер мен есіктерді ауыстырды, жаңа кәріз, сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін орнатты. Ас үй заманауи құрылғылармен жабдықталған.
Қала әкімі Асқар Ыдырысов биыл Жұмыспен қамту жол картасы бойынша үш балабақшаның күрделі жөндеуі қаржыландырылғанын атап өтті.
Олардың екеуінде де жұмыстар аяқталғалы жатыр, жақын арада ашылуы күтілуде, - дейді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
АТР қаңтар айында Антальяда жаңа турнир ұйымдастырады
Келесі жаңалық
Ұлттық архивте ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Өзгелердің жаңалығы