Сәтбаевта екі жасөспірімді пышақтап кетті

20 тамызда Сәтбаевта төбелес кезінде 16 жастағы жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Облыстық ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері оқиғаның барлық қатысушысын жедел анықтады. Жанжал кезінде 16 жасар жасөспірім 16 және 17 жастағы екі баланы пышақпен жарақаттаған, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде.

Жанжалға қатысушы жасөспірімдердің ата-аналары бала тәрбиелеуде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция ата-аналардың балаларын тәрбиелеуге толық жауапты екенін және олардың мінез-құлқын бақылауға міндетті екенін еске салады. Кәмелетке толмағандар жасаған кез-келген құқық бұзушылықтар, ең алдымен, олардың ата-аналары үшін ауыр зардаптарға әкеледі. Біз ата-аналарды балаларын тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауға және заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін шаралар қабылдауға шақырамыз, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы