19 Қыркүйек 2026, 07:49
Фото: Скриншот
Сәтбаев шыңында адасып кеткен үш турист құтқарылды
Медициналық көмек қажет болмаған жастар кейін үйлеріне өз беттерімен қайтты.
Алматы облысының Қарасай ауданындағы Сәтбаев шыңында таудан түсу кезінде адасып кеткен үш туристке құтқарушылар көмек көрсетті.
2007 жылы туған үш жас бағытынан адасып, құтқарушыларға хабарласқан. Мамандар олармен тұрақты байланыста болып, геолокациясын анықтады.
Құтқарушылар туристерді тауып, №22 өрт сөндіру бөліміне дейін алып барды. Медициналық көмек қажет болмаған жастар кейін үйлеріне өз беттерімен қайтты.