Сәтбаев қаласында жол ережесін өрескел бұзғандар жазаланды

Тәртіп сақшылары әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында Сәтбаев қаласының орталық көшесінде жол ережесін өрескел бұзғандар туралы бейнежазбаны анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Видеодан орталық көшеде түнгі сағат 4:00 шамасында BMW және Mercedes автокөліктердің жол ережесін өрескел бұзғанын көруге болады.

Осылайша, жүргізушілер жол ережесін сақтамай, авариялық жағдай туғызған.

Полиция қызметкерлері екі көліктің де жүргізушілерін тауып, әкімшілік жауапқа тартты. Олар Сәтбаев қаласының 20-25 жастағы тұрғындары екендігі белгілі болды.Көліктер айыптұраққа қойылды. Автокөлік жүргізушілерге жол ережесін өрескел бұзғаны және жолда авариялық жағдай туғызғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды, - делінген Ішкі істер ведомствосының телеграм арнасы таратқан ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 81 жастағы әжейді тұншықтырып, тонап кеткендер ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ архив
Өзгелердің жаңалығы