24 Ақпан 2024 2024, 01:13 Фото: -архив

Сәтбаев қаласында автокөлік өртеніп, ер адам зардап шекті

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында автокөлік өртеніп, ер адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында автокөлік өртеніп, ер адам зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 ақпанда сағат 20:08-де Сәтбаев қаласында жеке үйдің аумағында автокөлік өртенді. Алдын-ала болжам бойынша өрттің себебі - автомобильдің электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Ұлытау облысы ТЖД өрт сөндірушілері өртті сағат 20:23-де сөндірді, - делінген облыстық ТЖД ұсынған ақпаратта.

Өрттің салдарынан 1994 жылы туған азамат Жезқазған қаласындағы ауруханаға жатқызылды.