Сәтбаевта 20 мың адам тіркеле алатын жаңа емхана салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәтбаев қаласында 20 мың адам тіркеле алатын жаңа емхана салынады. Меморандум бойынша жобаны «Қазақмыс» қаржыландырады. Бұл туралы облыс басшысы Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Қалада биыл Есқұла суағарын қайта құру аяқталады. Қаражаттың жетіспеуіне байланысты жоба 7-8 жыл бойына кейінге қалдырылған болатын. Қазір құрылыстың 3-кезеңі жүріп жатыр. Мұнда екі резервуар, сорғы станциясы және хлоратор станциясы салынады. Нысанның іске қосылуы Сәтбаев пен Жезқазған тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп жазды облыс басшысы.

Сәтбаев қаласында 320 орындық балабақша салынып жатыр.

Бұған қоса Сәтбаевта қосымша кәріз коллекторының құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жаңа шағын аудандардың пайда болуына байланысты қолданыстағы коллектордың жүктемесі артқан болатын. Осыған байланысты № 8 шағын ауданнан тазарту құрылыстарына дейін сарқынды суларды бұру бойынша сегізінші құбырдың желісін салу туралы шешім қабылданды. Жоба Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ кезекте тұрған азаматтарға арнап салынып жатқан 16 пәтерлік төрт қабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңында болдым. Күзде үй жаңа қоныстанушыларды қабылдауға дайын болады. Сонымен қатар, Сәтбаев қаласында жеке инвестициялар есебінен тағы үш үйдің құрылысы жүргізілуде. Мемлекет көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар үшін 15 пәтерді сатып алатын болады. Сондай-ақ Сәтбаев қаласында 320 орындық балабақша салынуда. Қазір мұнда шатырды салу мен әрлеу жұмыстары жүріп жатыр, - деді ол.

Биыл Сәтбаев қаласында 75 аулаға асфальт төселіп, 15 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Жолдарды жөндеу жұмыстарының барысын тексердім. Биыл Сәтбаев қаласында 75 аулаға асфальт төселіп, 15 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұрынғы «Юность» стадионы да жөнделеді. Қазір нысанда геодезиялық жұмыстар жүргізілуде. Толық қалпына келтірілген спорт ғимаратында Жеңіл атлетика орталығын ашу жоспарлануда. Сонымен қатар қалада 20 мың адам тіркеле алатын жаңа емхана салынады. Меморандум бойынша жобаны Қазақмыс қаржыландырады. Сондай-ақ компания Сәтбаев қаласында жедел жәрдем машиналарына арналған гараждарды салуға көмектеседі, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы