«Сарышаған» полигонында «Жауынгерлік достастық-2023» оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Қарағанды облысында ТМД-ға мүше елдердің Біріккен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің күштері мен құралдарының жауынгерлік атысымен бірге «Жауынгерлік достастық-2023» оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған қазақстандық күштер мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан басқа Қырғызстан Қарулы күштерінің әскери контингенттері де қатысуда. Зениттік-зымырандық кешендердің жауынгерлік есептоптары қазірдің өзінде оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға кірісті.

Жаттығудың белсенді кезеңі 14-15 қыркүйекте өтпек. Қырғызстанның ӘШҚҚ есептоптары «Печора 2БМ» мобильді зениттік-зымыран кешенінен іс жүзінде оқ атуды орындайды. Ол қысқа және орта қашықтықтағы ұшатын және ұшқышсыз басқарылатын әуе шабуылын жоюға арналған.

Оқу-жаттығудың белсенді кезеңін Армения, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанның қорғаныс ведомстволары мен ӘШҚҚ әскерлерінің өкілдері бақылайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы