Сарыөзектегі сарбаздың қазасы – қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысындағы Сарыөзек гарнизонында далалық жаттығу барысында мерзімді қызметтегі сарбаз атыс қаруынан оқ тиіп, қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша қайғылы оқиға қарумен жұмыс істеу ережесін бұзу салдарынан орын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
24.kz хабарлауынша, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары басталып кетті. Қайғылы оқиғаға қатысты ҚР Құрлық әскерлері ресми мәлімдеме жариялады. Онда қызмет барысында сарбаз өзін оң жағынан көрсеткені және қызметтік міндеттерін толық көлемде орындағаны айтылады.
Әр командир үшін жауынгердің қазасы үлкен қайғы. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы әскери қызметшінің отбасы мен жақындарына ортақтасып көңіл айтады. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілетін болады, - делінген мәлімдемеде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
1493 жемқор ұсталды: Тоқаев Антикор төрағасының есебін тыңдады
Өзгелердің жаңалығы