Сарыбаев: Президенттің жастарға жасаған үндеуін ерекше атап өткеніміз абзал

Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев Мемлекет басшысы Республика күніне арналған сөзінде еліміздің ертеңін айғақтайтын бірқатар маңызды мәселе көтерді деп есептейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаиялады.

Олардың қатарында жастар мәселесі, білім мен өркениет мәселелрі бар. Бұл орайда Ел Президентінің жастарға жасаған үндеуін ерекше атап өткеніміз абзал. Сонымен қатар Мемлекет Басшысы Сенат қабырғасында да көтеріліп, қоғамда да қызу талқыға түсіп жүрген радикализмнің, экстремизмнің, құқықтық нигилизмнің және тұрмыстық вандализмнің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік ұстанымдарын тағы бір айғақтады. Шын мәнінде ерекше маңызды дүние – адал еңбек иелерінің марапатталуы. Еңбек адамдары – бейбіт заманның батырлары.Оларды құрметтеу біздің құндылықтарымыздың көркем көрінісі болмақ,- деді сенатор.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы