Сарыбаев: Алакөл көлін қоршау бөгетін салу өзекті
Депутат ауыл шаруашылығын дамыту үшін ауылда өмір сүруге қолайлы жағдай жасау қажет екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл саланы дамыту мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу жөнінде жаңа кәсіпорындар ашуға ынталандыруға мүмкіндік береді. Әкімдіктер бірнеше елді мекенге жылу беру және су жеткізу, кәріз суы нысандары мен инженерлік және коммуникациялық желілер салу жөніндегі бірқатар жоба дайындады. Алайда, оларды іске асыру мәселесі әлі күнге дейін шешімін таппай отыр.
Ақсу аудандық ауруханасына күрделі жөндеу, сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілуде. Алакөл және Балқаш көліне баратын демалушылардың күрт өсуіне байланысты жолдағы апаттар мен басқа жағдайлар бейімделмеген ғимараттарда орналасқан аурухананың қосымша жүктеме түсіруде. Кейбір ауыр операцияларды жасауға мүмкіндік болмай пациенттерді 100 шақырым жердегі облыс орталығына жібереді. Талдықорған қалалық емханасын бейімдеу және облыстық балалар ауруханасын қайта жаңғырту жұмыстары республикалық бюджет арқылы шешілуі қажет, - деді Ғалиасқар Сарыбаев.
Сенатор Балқаш көлінің жағалауында инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысын аяқтау қажеттігін атап өтті.
Ақсу аудандық ауруханасының ғимаратын сейсмикалық күшейту, емхана құрылысын түзету және облыстық балалар ауруханасының ғимаратын қайта жаңартуды қосқанда, жалпы сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету қажет.
Өңірде туризм саласын дамыту маңызды мәселе. Алакөл көлін қоршау бөгетін салу мен экологиялық тазалығы өткір тұр. Сонымен қатар, Лепсі ауылындағы «Балқаш» туристік–рекреациялық демалыс аймағының инженерлік-коммуникациялық желілерін салу» жобасын аяқтау мәселелеріне ерекше көңіл аудару қажет, - деді ол.