24 Маусым 2024 2024, 04:37
Фото: gov.kz
Сарыарқа-Жангелдин қиылысы жөндеуге уақытша жабылады
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа-А.Жангелдин көшелерінің қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа-А.Жангелдин көшелерінің қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астана әкімдігі осыған байланысты 24 маусым сағат 07:00-ден 25 маусым сағат 07:00-ге дейін жоғарыда аталған қиылыс толығымен жабылатынын жазды.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.