Saryarqa Run. Астанада бірнеше көше жабылады

31 тамыз күні елордада "Saryarqa Run" спорттық марафонының өтуіне байланысты бірнеше көше жабылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен, 31 тамыз күні сағат 8:00-ден 10:00-ге дейін төменде көрсетілген көшелер жабылады:

- Бейбітшілік көшесі Кенесары көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейін;

- Ә. Жангелдин көшесі Бейбітшілік көшесінен Жеңіс даңғылына дейін;

- Жеңіс даңғылы Бөгенбай батыр даңғылынан С. Сейфуллин көшесіне дейін;

- С. Сейфуллин көшесі Бейбітшілік көшесінен Қ. Күмісбеков көшесіне дейін;

- Қ. Күмісбеков көшесі А. Жангелдин көшесінен Кенесары көшесіне дейін;

- Кенесары көшесі Қ. Күмісбеков көшесінен М. Әуезов көшесіне дейін;

Қатысушыларға ыңғайлы болу үшін Бейбітшілік көшесі, 9 ғимаратының жанында автотұрақ ұйымдастырылып, Т. Бигелдинов көшесі жағынан келу жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив
Өзгелердің жаңалығы