Сарыарқа ауданында 15 мамырдан бастап демалыс күндері жәрмеңке өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Демалыс күнгі жәрмеңкелер елорда тұрғындары арасында үлкен сұранысқа ие. Себебі мұнда бірінші қажеттіліктегі азық-түлікті нарықтан төмен бағамен сатып алуға болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
17 сәуірден бастап Есіл ауданының Сауран көшесі, 7 мекенжайында демалыс күнінің жәрмеңкесі басталды.
15 мамырдан бастап Сарыарқа ауданы, Қосшығұлұлы көшесі, 14 мекенжайында да осындай жәрмеңке өтеді.
Қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру, тұрғындар үшін азық-түлік өнімдеріне қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету және бәсекелестік ортаны құру мақсатында өткізіледі.
Жәрмеңкеге Ақмола, Қарағанды облыстарының елордаға жақын аудандарынан шыққан отандық тауар өндірушілер, шаруа және фермерлік қожалықтар, сондай-ақ, қаланың жеке кәсіпкерлері қатысты.
Алдағы жәрмеңкеге Ақмола облысынан «Макенова» ЖК, «Кулкатово» ЖК, Қарағанды облысынан «Асхат» ет шаруа қожалығы, Петропавлдан «Панченко» ЖК кондитерлік өнімдері, «Роза» ЖК шұжық өнімдері әкелінеді.