8 Қаңтар 2020 2020, 22:45

"Сарыарқа саңлағы" жастар жобасы басталады

Қарағанды облысында "Сарыарқа саңлағы" жобасы басталады.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында "Сарыарқа саңлағы" жастар жобасы басталады. Ай сайын облыстың барлық білім беру ұйымдарында пікірсайыс турнирлері мен пікірталас алаңдары ұйымдастырылады, деп хабарлады облыс әкімдігінің сайты.

Тақырыпты ұйымдастыру комитеті айтулы даталарды мерекелеу шеңберінде бекітеді. Биылғы жылы дебаттық турнирлер циклі Абай Құнанбаевтың, Әл-Фараби мен басқа да көрнекті ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің мұрасына арналады. Жоба жастардың рухани-адамгершілік дамуына, білім сабақтастығы мен жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеуге бағытталған.

"Сарыарқа саңлағы" облыстық жобасының бірінші кезеңі Жезқазған қаласында 9 қаңтарда өтеді. Оған мамандандырылған мектеп - интернаттар мен Жезқазған мен Сәтпаев мектептерінің жоғары сынып оқушылары қатысады. 

Шараға педагогикалық еңбек ардагерлері, дебаттық турнирлердің сарапшылары, мектеп және колледж оқушылары, директорлары мен орынбасарлары шақырылды. Барлық командалар сөз сөйлегеннен кейін залдан келген әрбір адам берілген тақырып бойынша өз пікірлерімен бөлісе алады.