Сарыағашта жылына 300 мыңға жуық жеміс көшеті өсіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы, Жемісті елді мекені тұрғындарының басым бөлігі үй жанында ағаш көшеттерін өсірумен айналысады, деп хабарлады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Шағын ауылда алма, алмұрт, өрік, шабдалы, шие, алхоры және сәндік ағаштардың бірнеше түрлерін өсіруге басымдық берілген. Негізінен жылына 300 мың шамасында көшет өндірілуде. Бүгінгі таңда шаруалардың өніміне деген сұраныс жоғары. 

Көшеттер республика аймағына арнайы тапсырыспен тасымалдануда. Көшет өндіру ісі күтімді көп қажет ететіндігіне қарамастан ауыл тұрғындары елімізді бақша өнімдерімен қамтамасыз етуге мол үлестерін қосуда.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы