Сарыағашта жоғалған бүлдіршіннің денесі ауылдасының үйінен табылған

13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты. 

Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 
Күдікті Сарыағаш АПБ-ға жеткізіліп, қамауға алынды. Барлық жағдай анықталуда.  Оқиға орнына полиция бөлімінің басшылығы, аудандық прокурордың орынбасары және жедел-тергеу тобы барды. ️Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев - архив
Өзгелердің жаңалығы