Сарыағашта теңдесі жоқ тәжірибе стансасы салынуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысындағы барлық жылыжайдың 35 пайызы орналасқан Сарығаш ауданы – тәжірибе алмасу алаңына айналады.
Мұнда студенттер мен фермерлердің тәжірибе алмасу орталығы мен жер, топырақ құрамына талдау жасайтын зертхана салынатын болады.
Голландия селекциялық компаниясының және «Риик Зван Оңтүстік» ЖШС-нің инвестициясымен жалпы көлемі 4 гектар аумаққа өнеркәсіптік жылыжай және тәжірибе стансасы ашылады.
Теңдесі жоқ жобаның негізгі мақсаты – егін шаруашылығы саласында студенттер мен фермерлердің тәжірибе алмасу және жаңа технологиялар енгізу. Жоба аясында 20 адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіледі.
Nur Otan партиясының жол картасы аясында 2025 жылға дейін аудандағы қарапайым жылыжайлардан заманауи өнеркәсіптік жылыжай көлемін ұлғайту мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жылыжай және тәжірибе стансасы жыл соңында іске қосылады. Құрылыс барысы Сарыағаш ауданының әкімі Мұхит Отаршиевтің бақылауында.