Сарыағашта 5-тегі қызды зорлап өлтірген адам бұрын сотты болған

Бұл туралы НеМолчиКз қорының президенті Дина Таңсәрі қордың әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиға Черняевка ауылында болған. Ал қаза тапқан қыз небәрі 5 жасқа енді толған.

2023 жылы 13 шілдеде Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек Жолы ауылында (Черняевка) 2018 жылғы қызды айуандықпен зорлап, кейіннен өлтіріп тастаған. Қыздың есімі Еркежан еді...Иманды болсын..., - делінген қордың хабарламасында.

Қызды өлтірген адамның нашақор әрі бұрын сотты болғаны анықталды.

Қызды зорлап өлтірді деген күдікпен бұрын сотты болған, ҚР ҚК 106-бабы бойынша пробациялық бақылауда тұрған 1975 жылғы нашақор Гайнозаров Сайдолим есімді ер адам ұсталды. Бүлдіршіннің отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз. Қазір өте қорқынышты заман. Жаның ауырады, - делінген НеМолчиКз қорының парақшасында

Еске салсақ, бүгін Сарыағашта ойнап жүріп жоғалып кеткен 5 жастағы бүлдіршіннің өлі денесі ауылдасының үйінен табылғаны хабарланды. Күдікті қамауға алынды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/nemolchikz_official
Өзгелердің жаңалығы