Сарыағашта 100 шақырымнан асатам жол жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Сарыағаш ауданында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжар ауылдық округі, Ақжар елді мекенінде 8 көшенің 13 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аталған жұмыстардың мердігері – «MM Group» ЖШС-і бекітілген. Жол жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңында аяқталу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, биылғы жылы аудан бойынша жалпы 121 шақырым жол жөнделеді. Оның ішінде 71 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары, ал 50 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Атап айтқанда, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Ақжар, Дарбаза, Жібек жолы және Дербісек ауылдық округтерінде жалпы 17 көшенің 28 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен Сарыағаш қаласы Телемұнара және Көктөбе шағын ауданындағы 13 көшенің 14 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына қаржы бөлініп, 2021-2022 жылдарға өтпелі кезеңмен орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, жергілікті бюджеттен 2021 жылға аудан бойынша 9 көшенің 10 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарына және 20 көшенің 44 шақырымына тас төсеу жұмыстары жүргізілуде, - делінген хабарламада.Сондай-ақ, жыл соңына дейін жергілікті бюджет есебінен аудан бойынша қосымша 16 көшенің 19 шақырымына орташа жөндеу және 7 көшенің 6 шақырымына тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Қазақстан - Әзірбайжан Іскерлік кеңесі» құрылады
Келесі жаңалық
Перизат Қайрат 10 жылға соттала ма
Өзгелердің жаңалығы