Сары май өндірісі артты

Қазақстанда сары май өндірісінің көлемі 2024 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,7% ұлғайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осылайша, қазақстандық кәсіпорындар 32,5 мың тонна өнім шығарды, 2023 жылы бұл көрсеткіш 31,1 мың тонна болған.
Өнім экспорты 2,3 есе өскен, егер 2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1,7 мың тонна болса, бір жылдан кейін 4,2 мың тонна сары май экспортталған.
Былтыр қазақстандық май Ресейге, Түрікменстанға, Арменияға және Қырғызстанға жіберілген.
Импорт болса 28,8% төмендеп, 2024 жылы 6,5 мың тоннаны құрады.
Ішкі нарықтағы импортталған өнім үлесі 16,7% құрады.
Сары май Франция, Иран, Ресей, Қырғызстан, Беларус, Украина, Өзбекстан, Финляндия, Литва, Польша, Пәкістан және Түркиядан жеткізілген. 2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша ішкі нарықта 34,8 мың тонна сары май сатылды.
Жылдық мәнде сары майдың орташа бағасы 13% қымбаттаған, 2025 жылғы қаңтарда Қазақстан бойынша өнімнің бір келісінің орташа бағасы – 4 471 теңге.
Өңірлер арасында ең жоғары орташа баға Ақтауда тіркелді – 6 298 тг/кг, ең төмені Түркістанда – 3 796 тг/кг.