Сәрсенбі, 23 наурызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер наурыздың 23-і күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, белсенді солтүстік-батыс циклоны Қазақстанның басым бөлігіне жауын-шашын, оңтүстік аудандарына жауын-шашын (жаңбар, қар) әкеледі. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік пен шығыста бұрқасын, оңтүстікте тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Ақмола облысының басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетіп, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с болады, түнде солтүстік-батысы мен шығысында, күндіз басым бөлігінде бұрқасын болады. 

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз шығысында екпіні 23-28 м/с болады, солтүстігі, батысы мен шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде 

Павлодар облысының оңтүстігі мен батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз орталығында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Шығысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. 

Қарағанды облысының солтүстік жартысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с болады, солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын соғады, оңтүстігінде тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, батысы мен солтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23 м/с болады және жаяу бұрқасын соғады. 

Қостанай облысының түнде солтүстігі мен оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі, күндіз оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады, шығысы мен оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады, батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. 

Алматы облысының солтүстігі, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстігі мен шығысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с-ке дейін күшеюі ықтимал. 

Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей уақыттарда 25 м/с-ке дейін күшеюі ықтмал. 

Түркістан облысының солтүстігі мен таулы аудандыранда тұман түсіп, таулы аударында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, түнде және таңертең орталығы мен оңтүстігінде тұман түседі. 

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының батысы мен солтүстігінде тұман, Атырау облысының батысы мен солтүстігінде көктайғақ болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы