Сәрсенбі, 22 маусымға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидрометтің» мәліметінше, циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады.
Жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Күндіз еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Жел күшейіп, бұршақ жауады, шаңды дауыл тұрады.
Ақмола облысында найзағай ойнап, жел күшейеді, түнде солтүстігінде, орталығында екпіні – 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде – 15-20, солтүстігінде 25 м/с дейін күшейеді, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.
Алматы облысының таулы аудандарында күндіз күн күркіреп, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жел екпіні 25 м/с жетеді.
Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, дауыл тұрады, найзағай кезінде желдің күші 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай, бұршақ, дауыл соғады. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында жел қарқыны – 15-20 м/с.
Күндіз Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі, күндіз облыстың батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында күн күркірейді, облыстың солтүстігінде жел екпіні – 18 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 25 м/с дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Күндіз басым бөлігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, шығысында күн күркірейді, найзағай кезінде желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстік, шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.