Сәрсенбаев: Сейсмолог ғалымдар көріпкел емес
Бұл туралы Ұлттық сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Қазақстандықтар сейсмолог ғалымдарды жер сілкінісін алдын ала болжамағаны үшін кінәлау қисынсыз. Әлем елдерінде ғалымдар жер сілкінісін алдын ала болжай алмайды. Ғалымдар көріпкел емес, - деді ол.
Дәулет Сәрсенбаевтің сөзінше, азаматтар жер сілкінісі және басқа да төтенше жағдай кезінде барынша сабырлық сақтауы керек.
Жапонияға жер сілкінісі үнемі болып тұрады, бірақ іс жүзінде зардап шеккендер жоқ. Ал Алматыда жер сілкінісі салдарынан ешкім зардап шекпеді. Тұрғындар дүрбелеңнен зардап шекті, - дейді Сәрсенбаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы