Саркисян отставкаға кететінін мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ол лауазымының мерзімі аяқталмай жатып, жұмыстан өз еркімен бас тартты, деп хабарлайды Хабар 24. 

Өзінің айтуынша, бұған мемлекетті басқару жүйесі мен елдегі жағдай әсер еткен. 

Себебі Армения президенттік мемлекет болғанмен мемлекет басшысы ішкі және сыртқы мәселелерді шешуге өзінің әлеуетін толық қолдана алмайды.

 Сондықтан Саркисян қабырғасымен кеңесіп, президент билігі талас-тартыс туғызатынын, сөйтіп ұлттық бірлікке нұқсан келмесін деген ниетпен қызметтен кетпек. 

Армен Саркисян 2018 жылы мемлекет басшылығына 7 жылға сайланған. Бірақ президенттік орынтақта тек 4 жыл отырды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы