Сархат Бейсенова: Елордада 41 пайыз дельта плюс штамы айналымда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Дельта+» штамы елордалықтардан да анықталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова хабарлады.
Елорданың бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, республика аумағында COVID-19 штамдарының айналымын бақылау мақсатында оларға зерттеу жүргізілуде. Осыған байланысты екі айда бір рет зертханаға сынамалар жіберіледі.
Желтоқсан айының басында зертханаларға жүйелендіру үшін жеткізілген сынамалардың соңғы деректері бойынша молекулалық-генетикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша елордада 47 пайыз дельта штаммы, 41 пайыз дельта плюс штаммы айналымда. Айналым тура Алматыдағы сияқты, - деді Сархат Бейсенова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы