Сәресін ішпей ораза ұстауға бола ма?

Ораза ұстаушылар үшін сәресі – күндізгі аштыққа төтеп беруге көмектесетін маңызды ас. Дегенмен, кейде адам ұйықтап қалып немесе басқа себептермен сәресін өткізіп алуы мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұндай жағдайда не істеу керек? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жауап берді.

Сәресін ішу – міндет емес, бірақ өте маңызды

ҚМДБ мәліметінше, сәресі ішу – парыз емес. Егер адам оны өткізіп алса, оразасын бұзбай, ештеңе ішіп-жеместен күннің батуын күтіп, ауыз ашуы керек. Оразаның негізгі шарты – таң намазы уақыты кіргеннен бастап күн батқанға дейін ішіп-жеуден тыйылу, сондықтан сәресіз қалу оразаның дұрыстығына әсер етпейді.

Алайда, сәресінің пайдасы мол, сондықтан оны жіберіп алмауға тырысқан жөн.

Адамзаттың ұстазы Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қасында ұзақ болған сахабалардың бірі Әнас ибн Малик (р.а.)бұл уақыттың ерекше қасиетін ескерткен:

Сәресін ішіңіздер, себебі сәресінде берекет бар. Бір жұтым су ішсеңдер де сәресін тастамаңдар. Себебі сәресіне тұрғандарға Алла Тағала рақым етіп, періштелер кешірім тілейді, - деген ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - Архив
Өзгелердің жаңалығы