Сарбаздарды ұрып, заңсыз жұмысқа жеккен офицер жазаға тартылды
Сотталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге материалдық және моральдық зиянды өтеуге дайын екендігін айтты.
Алматы гарнизонының әскери сотында бағынушысына қатысты билігін асыра пайдаланған офицер А.-ға қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сот офицердің бағынушыға қатысты физикалық күш қолдану және оны демалыс уақытында жұмысқа заңсыз тарту арқылы өкілеттігін асыра пайдаланғанын анықтады.
Сот офицердің кінәні мойындауын ескере отырып, бірақ әскери антты бұзуды ауырлататын мән-жай ретінде таныды. Сол себепті А-ны кінәлі деп танып, оған 2 жыл бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Сонымен қатар А., «аға лейтенант» әскери шенінен айырылып, жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық шығын өндірілді, - деп хабарлады Әскери соттың баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысындағы сарбаз өліміне қатысты рота командирі сот алдында жауап беретіні хабарланды.